назад в новости
дата публикации:
17.03.2024

Жалған бейілділік бағдарламалары және «қызметке орналастыру» туралы хабарландырулар

Белгілі компаниялардың маркетологтары көбіне байланыс жасау кезінде бейілділік бағдарламасын пайдаланады және өз өнімдері мен қызметтерінің тиімділігін бағалау үшін тұтынушылар арасында сауалнама жүргізеді. Бұл қызмет қаржы алаяқтарын да қызықтырды.

Соңғы кездері алаяқтар мессенджер арқылы мынадай хабарламаларды жаппай таратуда: «Баршаңызға сәлем! Мен сізді әйгілі *** компаниясының бейілділік бағдарламасына жазғым келеді, онда сіз бонус жинап, оларды қонақүйлерде тегін тұру үшін жұмсай аласыз. Бұл үшін маған: 1. Поштаңызды, 2. Үйіңіздің мекенжайын + қалаңызды, 3. Ұялы телефоныңыздың нөмірін жіберуді өтінемін». Әрі қарай, алаяқтар әрбір жіберілген хабарлама үшін қосымша балл берілетіні туралы дәлел келтіре отырып, сізден сілтемені 20 досыңызға, туыстарыңызға немесе әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі бес топқа жіберуіңізді сұрайды.

Осылайша, алаяқтар сіздің деректеріңізді ары қарай пайдалану үшін, мысалы, телефон алаяқтарына беру үшін анықтап алады.

Сондай-ақ, алаяқтар Желіде: «Біздің компания сауалнама жүргізуде! Үздік жауап бергендерге тұрақты жұмыс немесе ақшалай жүлде беріледі» деген тартымды маркетингтік ұсыныстарды орналастырады. Сауалнама қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар сізді үздік жауап берген деп анықтап, қызметке тұру үшін байланыс деректеріңізді (үйдің мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, пошта), ал «ақшалай жүлдені» аудару үшін жарамдылық мерзімімен және «пластиктің» арғы бетіндегі үш таңбалы кодпен қоса банктік картаңыздың толық деректемелерін жіберуді сұрайды.

Әдетте мұндай айлаларға мектеп оқушылары, жастар, үй шаруасындағы әйелдер қатарындағы конкурстар мен ұтыс ойындарын ұнататындар алданып жатады. Сенгіш азаматтар алаяқтарға тек өз дербес деректерін ғана емес, сонымен қатар жақын адамдардың да дербес деректерін беріп қояды.

Әр түрлі төлемдермен, лотереялармен, ақылы сауалнамаларға қатысты кез келген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаңыз. Есіңізде болсын, маркетингтік сауалнамалар әдетте арнайы фокус-топтарды тарта отырып жүргізіледі. Маркетологтар ешқашан сауалнамаға қатысушыларға тұрақты табысты немесе ақшалай төлемдерді ұсынбайды, ең бастысы, олардан ақшалай қаражатты енгізуді немесе жеке деректерін беруді сұрамайды. Мұны тек алаяқтар жасайды