назад в новости
дата публикации:
21.03.2024

Телефон алаяқтары өздерін әр қалай таныстырады

Сіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде байланыс деректеріңізді алғаннан кейін телефон алаяқтары іске кіріседі.

Телефонмен жасалатын алаяқтықтың кеңінен тараған схемасы – банктер мен басқа да қаржы ұйымдары байланыс орталықтарының қызметкерлері немесе операторларынан түсетін қоңыраулар. Әдетте қаскүнемдер қоңырау соғу үшін қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмірлерін қайталауға мүмкіндік беретін SIP-телефония сияқты бағдарламалық қамтылымдарды пайдаланады.

Әңгіме барысында банктердің жалған қызметкерлері сізге сіздің картаңыздан әлдекімнің қаражатты есептен шығаруға әрекет жасап жатқандығы туралы ескертуге тырысады немесе алаяқтардың сіздің атыңызға кредиттер ресімдеп жатқаны туралы «аңызды» пайдаланады. Олардың осындай әрекеттерін тоқтату үшін ағымдағы шоттағы барлық ақшалай қаражаттың дереу резервтік не сақтандыру шотына аудару қажет. Алаяқтар мәселені тез арада шешу үшін тіпті сіздің гаджетіңізге қашықтан қосылу бойынша өз қызметтерін ұсынуы да мүмкін.

Сондай-ақ алаяқтар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан да қоңырау соғулары мүмкін: «Қайырлы күн, мен уәкілетті қызметкерімін. Сіздің атыңызға шағым түсті және «ірі мөлшердегі алаяқтық» 3-бөлімнің 190-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сізге дереу полиция бөлімшесіне келу керек» немесе «Сіздің балаңыз, досыңыз не туысыңыз *** бөлімшесінде отыр. Ол көлігімен адам қағып кетті, одан есірткі құралдары табылды немесе жаппай тәртіпсіздікке қатысты». Әдістер көп, мақсат біреу – сіздің үрейіңізді ұшыру.

Арыз ресімделмей тұрғанда мәселені шұғыл түрде шешу үшін сізге белгілі бір шотқа «белгілі бір соманы» аудару қажет. Бір жағынан, елең еткізетіндей барынша қомақты сома, екінші жағынан – тез арада төлей алмайтындай қаражат емес. Алаяқтардың мұндай құрығына негізінен жақын адамын құтқару үшін бар ақшасын беруге дайын тұратын қарт адамдар түсіп жатады. Тағы бір стрестік фактор әдетте абоненттің қоңырау соғу үшін қолжетімді болмауы болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.

Қаскүнемдер адамдардың психологиясын жақсы біледі: кәсіби терминдерді қолданып, тез әрі сенімді сөйлейді, кейде қысым жасайды, шешім қабылдауға асықтырады, қорқытады, көбіне қызу жұмыс істеп жатқан офис не полиция бөлімшесінің әсерін беретін дыбыстарды қосып қояды және басқа да тәсілдерді қолданады. Егер сізге банк қызметкерінің атын жамылған адам қоңырау соқса, әңгімені дереу тоқтатыңыз. Есіңізде болсын, нағыз банк қызметкері сізге сіздің дербес деректеріңізді нақтылау үшін қоңырау соқпайды. Банкте сізге қатысты толық қаржылық құжаттама мен кредит тарихы бар. Бұл ақпарат тек алаяқтарға ғана қажет. Егер сізге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын адам хабарласса, қандай жағдайда да үрейге бой алдырмаңыз. Ықтимал күдіктінің полицияның нақты қай бөлімшесінде екенін, оған қатысты қандай баптың қолданылып жатқаны, іс-әрекеттің қашан жасалғаны, адвокат көмегінің көрсетілген-көрсетілмегені және онымен қалай байланысуға болатыны туралы сұраңыз. Сондай-ақ сізге оның атынан хабарласқан ұйымның: банктің, ҚР ІІМ және аудандық полиция бөлімшесінің шұғыл желісіне өзіңіз қоңырау соғыңыз