назад в новости
дата публикации:
27.05.2024

QOSLIKE ҚАРЛЫҒАШТАРЫ ТАҒЫДА ОНЛАЙН КАЗИНОНЫ ЖАРНАМАЛАУМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ

📸Диана Оңғараова. Әлеуметтік желілерде @dii_officcial лақап атымен танымал “блогер”. Өзінің стористарында VAVADA онлайн-казиносын ашық түрде жарнамалап отыр. Сториста өзінің қысқа ғана уақыттың ішінде үлкен табысқа жетіп отырғандығын көрсетеді. Және күнделікті осылай ойнап табысқа жетіп отыруға болатындығын айтады.

🤳Сторис соңында өзінің берген сілтемесі арқылы тіркеліп, үйде отырып-ақ ақша табуға болады деп осы казиноның қармағына көптеген адамдарды іліп отыр. Ойнап ұтылған адамдардың ақшасының белгілі пайыздық мөлшерін өзінің қалтасына кететіндігін айтпайды. Бұл не дегеніміз Диана ханым?

❗️Естеріңізде болса, блогерлерге қатаң ескерту жасаған болатынбыз. Яғни, халықты алдап лудоманияға тәуелділікке шақырып жүргендерге арыз жазамыз деп. Қайық алысқа бармады, арызды жаздық. Жауабын да алып қойдық

📖Қазақстан Республикасының “Жарнама туралы” заңының 6-бабы, 5-тармақ, 1-тармақшасында көрсетілгендей ОНЛАЙН-КАЗИНОЛАРДЫ ЖАРНАМАЛАУҒА БОЛМАЙДЫ. Әкімшілік жазаға тартылды

❓Бұл істің арғы жағы қалай болды? Видеодан толық көріңіз

ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ