назад в новости
дата публикации:
13.03.2024

Неліктен алаяқтарға көп адамдар алданады?

Скриппс колледжінің психология профессоры Стейси Вуд алаяқтардың қолданатын әдіс-тәсілдерін зерттеп, неліктен олардың әрекеттерінен көптеген адамдардың өз ақшаларынан айырылып қалатынын анықтап көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап. Сізде пошта бар болса, күнделікті оған өзіңіз қаламайтын жағымсыз хаттар келіп жатады. Егер сіз электронды поштада тіркелген болсаңыз, спам да ағылып келе береді. Егер телефоныңыз болса, robocalls, яғни, түрлі роботтар мен басқа да жарнамалық мәндегі қоңыраулар келіп жататыны анық. Өзіміз қаламайтын хаттар мен хабарламалар барлығымызға күнделікті келіп тұрады. Көпшілігіміз оларға мән бере бермейміз немесе бірден өшіріп тастаймыз. Көңілімізден шықпайтын хаттарды бірден лақтырамыз. Біз саналы түрде бұлардың барлығы бұқаралық алаяқтықтың бір түрі екенін білеміз. Дегенмен, басқалары оны білмейді немесе олардың жолы болмауы мүмкін. Жыл сайын алаяқтық әрекеттерден жеке тұлғалар, мекемелер мен үкіметтер триллиондаған доллар қаржы жоғалтып, шығынға батады. Алаяқтардың қолына түскендері кейін депрессияға ұшырап, денсаулығы нашарлайды. Негізінен, бүгінгі таңда кез келген жастағы адамға қатысы жоқ әрі барлығына таныс қылмыстың алақтықтан басқа түрі жоқ деуге толық негіз бар. Алаяқтық, тіпті, географиялық орнымызға, шыққан тегімізге де қарамайды. Адамдар неліктен алаяқтардың құрбанына айналады? Мен психология профессоры ретінде қасымдағы әріптестеріммен бірге осы сұраққа жауап беруге тырысып көремін. Біздің кейбір байламдарымыз басқа да зерттеу қорытындыларына сай келеді. Бірақ алаяқтық туралы ортақ болжам жоқ, тіпті, кейбір ғалымдардың пікірлері бір-біріне мүлдем қарама-қайшы келетіні тағы бар. Алаяқтық күннен күнге көбейіп барады Соңғы жылдары түрлі лоторея секілді бұқаралық алаяқтық түрлері кең тарап кетті. Better Business бюросының хабарлауынша, соңғы үш жылда лотореяларға байланысты алаяқтыққа қатысты 500 мыңнан астам шағым түсіп, 350 миллион доллардан астам шығын келтірілген. Бұрындары мұндай алаяқтыққа жергілікті ойыншылар баратын. Кейде тұрғын үйге байланысты жалған мүмкіндіктерді түсіндіретін инвестициялық семинарлар да ұйымдастырылып тұратын. Бұл алаяқтық түрі бұрыннан келе жатқаны жасырын емес. Бірақ бүгінгі таңда көпшілік алаяқтар трансұлттық командалар құрып, Ямайка, Коста-Рика, Канада мен Нигерияда шоғырланып жатыр. Соңғы жылдары алаяқтық күнделікті жасалатын жаһандық қылмысқа айналып үлгерді. Технологиялардың дамуы да алаяқтықтың мүмкіндіктерін арттырып, миллиондаған тұтынушы туралы мәліметтерге қол жеткізіп, алақтардың жұмысын жеңілдетті. Ал алаяқтарды ұстап алу, олардың соңына түсу керісінше қиындап барады. Мысалы, robocall (роботтың қоңырауы) сіздің телефоныңызға сіз тұратын қаладан хабарласып тұрғандай нөмірмен шығып тұруы мүмкін, бірақ шын мәнінде ол Үндістаннан шалынып жатқан қоңырау болып шығуы ғажап емес