назад в новости
дата публикации:
24.06.2024

АРБИТАЖ АРҚЫЛЫ АҚШАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР

Арбитраж... Трейдинг... Акция... Облигация...

🥹Қандай әдемі көрініп, естілгенімен-ол барлығын бірдей байытпайды...

😱Еліміздегі соңғы уақытта азаматтардың ауызы күйіп, ақшаларынан айырылып жатқан жүйелерінің бірі-арбитраж. Жақсылықов деген сынды арбитражға үйретіп, сол арқылы "табыс табасыз, байытамыз. Күніне 20 доллар табуға гарантия береміз" дейді. Біліп жүріңіз, әрбір 100% гарантия деген жерде алаяқтық әбден болуы мүмкін.

❓АРБИТРАЖ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

📌Ол-қарапайым "обменник". Яғни, ол жерде қарапайым ақшаға криптовалюталар алмасып, арасындағы пайдасын көріп жатады. Ол жерде арнайы экономикалық білімі бар адам болса да, рисктарға барады.

❓Неге бұл секілді АКЦИЯ, ОБЛИГАЦИЯ, ТРЕЙДИНГ деген нәрселерге азаматтар қызығып жүр?

📌Себебі, ашкөздіктің арқасында соңғы ақшаларын жұмсап, қаржылық жағынан қиналып қалып жатады.

❗️БҰЛ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДІГІНІҢ БЕЛГІСІ

📌Асылында, бұндай қаржы инструменттеріне артық ақшағыз болған кезде ғана қызыққан жөн! Ал, біздің азаматтарымыз соңғы ақшасын салып "мен алданып қалдым" деген сынды әңгімелер айтып жатады

❗️Алданып қалу бір нәрсе, білмей ақшаны жоғалтып алу бөлек нәрсе...

ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ