назад в новости
дата публикации:
10.04.2024

Алдын ала төлем алаяқтығы

Кең тараған алаяқтық алдын ала төлем жағдайында орын алады. Сатушылар тауар үшін толық немесе жартылай алдын ала төлем алып хабарсыз жоғалып кетеді.

Киім және аяқ-киім, техника, смартфондар сатып алушылары көбінесе қаскүнемдер қармағына ілініп қалады. Бұл тек тауар сатып алуға емес сонымен қатар қызмет көрсету саласына байланысты. Мысалы, дипломдық жұмыс немесе курс жұмысын жазу, онлайн-треннигтер.

Алаяқтар қармағынан қалай сақтануға болады?

Тауардың бағасы әдеттегіден бір шама төмен болса, сатушы туралы барлық деректерді тексеріңіз. Тауарды барлық қырынан суретке түсіруді сұраңыз;

Төлем жүргізіп, банк картасын деректерін енгізбестен бұрын, мекен-жай тармағына, домен тіркелу күніне мән бергеніңіз жөн. Форма зарарлы болған жағдайда сіздің жеке мәлімет үшінші тұлғаларға өтіп кетеді;

Брендтік тауарды басқа дүкендерден сатып алған жағдайда, ресми дүкен сайтынан сипаттамасын, түр-келбетін салыстырыңыз. Сатушыдан жіберуге дайын тауардың суретін жіберуді сұраңыз.

Егер сіз қандай да бір алаяқтыққа тап болсаңыз сайттап орналасқан кері байланыс формасы арқылы шағым жіберіңіз.