назад в новости
дата публикации:
17.06.2024

АЛАЯҚ ЗАҢГЕРЛЕР

😱Естімеген елде көп. Неоалаяқтық заманы. Заңның атын жамылған псевдозаңгер алаяқтар...

❗️Алаяқтарға кеткен ақшаңызды заңды жолмен қайтарып береміз дейтін заңгерсымақтар пайда болды.

❓АЛАЯҚТЫҚ СХЕМА ҚАНДАЙ?

1️⃣Әлеуметтік желілерге таргет жарнамасы арқылы өздерінің жарнамасын орналасытарады. 2️⃣Жарнамада танымал адамдардың бет бейнесін пайдаланады 3️⃣Постың астына не істеу керек қадамдарды жазып қояды 4️⃣Сіздің жеке мәліметтеріңізді жинайды 5️⃣Тіпті, ақшаңыздан айыруы мүмкін

❗️Көрсетіліп жатқан адамдарды зерделеп қарайтын болсаңыз, танымал тұлғалардың заңға еш қатысы жоқ. Жасанды интеллект арқылы сол кісілердің ДАУЫСЫН КӨШІРІП, ЕРІНДЕРІН ҚИМЫЛДАТАДЫ.

🤯Алаяқтықтың ПОТОЛОГЫ ғой🤯

📌Жалғыз ғана Марғұлан Сейсембаев сияқты танымал тұлғалар емес, басқа да елімізге белгілі азаматтарды өздерінің жарнамасында қолданады.

🤳Жарнама заң шеңберінде қызығушылығы бар азаматтардың әлеуметтік желілерінде жарнама шығады.

❗️❗️❗️ЗАҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНАР АЛДЫН ҚР Адвокаттар коллегиясына мүше және Заңгерлер палатасына тіркелген заңгерлердің көмегіне жүгініңіздер.

❌Интернеттегі алданған ақшаңызды 100% гарантиямен қайтарып береміз деген өтірікке сенбеңіздер!

ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ